Тұрғылықты халық

383

Егемен Қазақстан Республикасының бірінші ұлттық санағы 1999ж.25 ақпанда басталды және 4 наурызда аяқталды. Ол сауал әдісімен өткізілді. Мемлекет жері 1463 санақ бөліміне, 11,7 мың нұсқаушылық және 55,6 мың санақ учаскесіне бөлінді. 1999ж.санақ бойынша халық саны 14896,1 мың адам болды.

Статистика жөніндегі ҚР Агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2016ж.1 қаңтарда рекордтық сан – 17670мың адамға жетті.

ТМД републикаларының ішінен Ресейден кейін ең көп ұлттар саны Қазақстанда белгіленді.  (130-дан астам). 2016 ж.басында қазақтар 66,48%,орыстар – 20,61%-ды құрады. Қалған 137 этнос әр түрлі санға ие – 0,5 млн-нан (өзбектер мен украиндар) бірнеше адамға дейін.  Көп ұлтты Қазақстанда 8 этнос 100 мыңнан астам және сонша этнос – 20 мыңнан астам  халық санына ие. Тілдік топтар бойынша түркі тілдес халықтар (72%) басым, одан кейін славян тілдес халықтар (26%).

ҚР сыртындағы қазақ халқының ең көп саны Өзбекстанда – 1,5 млн-нан 2 млн-ға дейін адам өмір сүреді. Қазақтардың негізгі массасы Қарақалпақстан Республикасы (халықтың 26%-ы), Ташкент (13%), Бұхар және Сырдария облыстарына шоғырланған.

Республика Тәуелсіздігінің мерейтойына қарсы демографиялық рекорд Оңтүстік Қазақстан облысында орнатылды. 25 жылда Оңтүстік Қазақстан халқының саны 1,8 миллионнан 2,8 миллионға дейін, яғни 1 миллионға өсті.

Қазақстан рекордтар кітабы

Дайындаған Үміт Жұмаділова




One thought on “Тұрғылықты халық

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *