Универсиада жеңiмпаздары алатын сыйақы мөлшері белгілі болды

Фото:inform

Ел үкiметi Алматыда өтетiн бүкiләлемдiк қысқы Универсиада ойындарының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне сыйақы бекiттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне  сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

 «Үкiметтiң жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге сыйақы бекiту шешiмi спортшыларымызды Универсиадада сәттi өнер көрсетуге ынталандырады. Сонымен, бiрiншi орынға 4 млн 900 мың теңге, 2 орынға 3 млн 300 мың, 3 орынға 1 млн 600 мың теңге бекiтiлiп отыр. Мұндай сыйақы жаттықтырушыларға да қарастырылған», — дедi бүгiн үкiмет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қысқы Универсиадаға бiздiң елiмiзден 168 спортшы қатысады, оларды 65 жаттықтырушы дайындап жатыр.

Бүкiләлемдiк қысқы Универсиада ойындарының басталуына 12 күн қалды. Дүбiрлi дода Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтедi.

Айта кетейiк, Қазақстан тәуелсiздiк жылдары 12 бүкiләлемдiк Универсиадаға қатысып, 44 медаль жеңiп алды.




6 пікір “Универсиада жеңiмпаздары алатын сыйақы мөлшері белгілі болды

  1. Гүлнар

    Мынадай сыйақы алу үшін спортшыларымыз аянып қалмас. Алға!!!

  2. Манат

    Сыйақы спортшыларымызға бұйырсын.

  3. Аян

    Үміт артамыз. Намысты қолдан бермес, спортшыларымыз.

  4. Лаура

    Еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранын шырқатса, спортшыларымыз осындай қомақты сыйақыға әбден лайық.

  5. Қасым

    Маңдай терімен, адал жеңіспен келген сыйақы болса, тілектеспіз ғой, әрине.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *