Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін енді Азаматтарға арналған үкімет сайтынан көруге болады

217

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін бақылау мүмкіндігін жүзеге асырды. Реттеу залы, құжаттандыру және банк кассалары қызметтерінің жүктеме деңгейін көрсететін динамикаға сілтеме мемлекеттік корпорацияның goscorp.kz ресми сайтының басты парағында орналастырылған, деп хабарлайды BNews.kz  тілшісіне сілтеме жасаған  Kazgazeta.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ мемлекеттік қызметтер әдіснамасы және мониторингі департаментінің директоры Гүлжан Асанованың айтуынша, аталған сервис азаматтарға қолайлы болу үшін құрылған және олардың ХҚКО-ға баруын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Осы диаграмма бойынша адам мейлінше тез қызмет алу үшін қай ХҚКО-ға бару керектігіне баға бере алады. Яғни, егер оған көші-қон саласы бойынша қызмет керек болмаса, уақытша тіркеу қызметі бойынша қызмет алушылар ағыны көп ХҚКО-ға бару қажет емес, ол келушілер саны аз кез келген басқа Орталыққа жүгіне алады» — деді ол.

Сонымен қатар, Гүлжан Асанова әзірге тек Астана және Алматы қалаларындағы ХҚКО-ларда жүктемені көруге болатынын, жақын арада Қазақстанның басқа ХҚКО-ларында келушілер санын бақылау мүмкіндігі қарастырылатынын айтты. Ақпарат әр сағат сайын жаңартылып отырады.




5 thoughts on “Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін енді Азаматтарға арналған үкімет сайтынан көруге болады

  1. Алишер

    Басқа қалаларда да енгізілсе дұрыс болатын еді.

  2. Алмат

    Біртіндеп осы жұмысты жандандыру қажет, жаңа механизмедер арқылы тұрғындарға тіркелу оңай болу үшін.

  3. Сабит

    Меніңше тіркелу әр ел тұрғынан үлкен үлкен жауапкершілік артады, себебі бұл елге қауіп төндіретін құбылыстарды алдын алу шаралары.

  4. Алтынбек

    Жақсы бастама екен, енді басқа облыстарда да қолға алынса.

  5. Нурбол

    Шынында да өзіңнің тіркеуде тұрғаныңды арнайы сайт арқылы көру, бұл сені құзырлы органдар тарапынан тіркеу туралы сұрақтар туындаған жағдайда айғақтап алуға өз септігін тигізеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *