БҰҰ ҚК төрағасы: Астана процесін тағатсыздана күтудеміз

212

Астанада ұйымдастырылатын кездесуді тағатсыздана күтудеміз, деп мәлімдеді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы БҰҰ-дағы Швецияның тұрақты өкілі Олаф Скоог 20 қаңтар күнгі кеңес отырысының қорытындысында.

 «Біз Сириядағы ахуалы және соңғы оқиғалар төңірегінде, оның ішінде №2336 қарардың орындалуы мен алдағы Астанадағы кездесу жайында пікір алмастық. Біз Ресей мен Түркияның зорлық-зомбылықты тыю, соғыс отын тоқтату режімін құру және БҰҰ қамқорлығымен саяси процеске серпін беру күш-жігеріне қолдау білдіреміз. Біз барлық тарапты Сириядағы соғыс отын тоқтату режімін сақтауға шақырдық. Біз ДАИШ-тың Сириядағы тағылық террорлық актілерді жалғастыруын, соның ішінде Пальмирадағы ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген Рим театры сынды мәдени мұраларды талқандауын түбегейлі айыптадық. Астанада ұйымдастыратын кездесуді асыға күтудеміз. Оны сириялық саяси процесстің маңызды бөлігі және 8 ақпанда Женевада БҰҰ қамқорлығымен қайта жаңғыртылатын сирияішілік келіссөздердің маңызды қадамы ретінде қарастырамыз», — деді ол.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *