Астана процесі: Қайрат Әбдірахманов делегациялар басшыларымен кездесті

118

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі халықаралық кездесуде Сирия үкіметі делегациялары басшыларымен, Сирия Араб Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Әл-Джафаримен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

 Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысы Сирия Араб Республикасының үкіметі мен сириялық қарулы оппозиция делегацияларының алдағы кездесуі БҰҰ бақылауындағы Женева бейбіт келіссөздерінің кезекті кезеңін әзірлеуде маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Астана Сириядағы гуманитарлық жағдайды жеңілдетуге және Сирия халқына тиісті көмек көрсетуге күш салғаны сөз болды.

Қазақстан және оның Президенті Н.Ә.Назарбаев соғысты тоқтату режимін нығайту жөніндегі халықаралық шараларға және Сириядағы ішкі дау-дамайды шешетін саяси шешімдер іздеуге қолдан келгенше үлес қосуға ниетті.

Осы күні Сирия оппозициясы делегациясының басшылығымен кездесу өтіп, онда Астанадағы алдағы келіссөздерге дайындық мәселелері талқыланды.

Қос делегация жетекшілері Қазақстан басшылығы мен халқына Сириядағы қарулы қақтығысты бейбіт реттеу процесіне күш салып, халықаралық кездесулер үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін алғысын білдірді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *