Елбасы Стаффан де Мистурамен кездесу өткізді

233

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Ақордада БҰҰ Бас хатшысының Сирия мәселесі бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистураны қабылдады.

Кездесу барысында Сириядағы сергелдеңнің алдын алу келіссөздері талқыланды. Елбасы Астана төрткүл дүниенің төрт бұрышынан көз тігіп отырған келіссөздерге дайын екендігін жеткізді.

«Себебі Сириядағы сұрапыл соғысқа тек Таяу Шығыс елдері ғана емес, күллі әлем алаңдаушылық білдіріп отыр», — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қарулы қақтығыстар барысында 300 мыңнан астам адам көз жұмғанын жеткізді. Сол себепті де Астана процесінен жаһан жұрты зор үміт күтіп  отыр.

24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *