Астана процесі: Бірінші күннің қорытындысы

257

Астанада Сирияға қатысты келіссөздердің бірінші күні кеше кешке аяқталды. Сириялық оппозиция делгациясының кеңесшісі Яхья әл-Аради оны «ұзақ, әрі нәтижелі» деп атады. Сириялық оппозиция Ресей және Түркия өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

Арадидің айтуынша, шараның ашылуына Қазақстан Республикасы – ұйымдастырушы тарап, сондай-ақ Ресей, Түркия, Иран делегациясы, Сирия оппозициясы және «режим делегациясы» қатысты.

«Кездесу ұзаққа созылды, дегенмен нәтижелі болды.  Біріншіден, бүкіл Сириядағы атысты тоқтату туралы нақты келісімге келу үшін белгілі бір дүниелерді талқыладық. Мүдделі тараптар қатысушылардан өз көзқарастарын және осы мақсатқа қол жеткізу үшін қандай әдіс-тәсіл қолдану керектігін айтуды сұрады. Екіншіден, халық туралы, ізгі ниеттілік, мысалы, кепілдікке алынған адамдарды босату туралы айтылды. Сондай-ақ, саяси тарапқа қатысты әңгіме болды. Осы кездесу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарына және Женева мәлімдемесіне сәйкес нақты шешім қабылдау үшін пайдаланылады деп болжанған. Сонымен қатар, РФ президенті Путиннің саяси елшісі арнайы жиналыс өткізді. Онда Сирияда келісімге қол жеткізуді басты назарға ала отырып, саяси мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды», — деді Яхья әл-Аради.

Оның айтуынша, екі тарап та келісімге қол жеткізу тетіктерімен, стандарттарымен, белгілерімен жұмыс істеуі тиіс. Бұл  2016 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылған келісімнің басты мақсаты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *