Димаш Құдайбергенов: Мен қазақтың Витасы емеспін

186

Қытайдағы I Am a Singer музыкалық конкурсына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұрады, — деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі.

 «Қайырлы кеш, достар! «Қазақтың Витасы», «Витас сияқты айтады», «екінші Витас» деген сықылды маған айтылған теңеу сөздеріңізді естіп жатамын! Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен «екінші Витас» емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!..»,- деп жазған жас әнші.

Байқаудың келесі кезеңінде отандасымыз Қытайдың өнерсүйер қауымын Витастың «Опера2» әнімен тәнті етпек. Айтуынша, бұл әнді байқаудың режиссерлері таңдапты.

«Келесі байқау күніне режиссерлердің ұйғарымымен Витастың ең күрделі әні «Опера 2» шырқамақпын! Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел будым! Қалай болатынын бағалай жатарсыздар!», — дейді ол.

Келесі кезең 28 қаңтар күні Бейжің уақытымен 22:05-те болады. Ән байқауын Hunan tv online арқылы тамашалай аласыздар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *