Журналистер шахмат тақтасында бақ сынады

Бүгін Алматыдағы Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясында «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер арасында шахматтан дәстүрлі IV турнир болып өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған бұл турнир Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. «Қазақ газеттері» серіктестігінің ұйымдастыруымен өткен турнирде, қолына қалам ұстаған  16 журналист бақ сынады. 

img_0179

«Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Жұмабек Кенжалин: «Ой спорты болып саналатын шахмат қалам ұстаған шығармашылық адамдарға арналған спорт екені айқын. Қаламын ұштаған журналистер  арасындағы шахмат турнирін осымен төртінші  рет өткізіп отырмыз. Былтыр да дәл осы жерде турнирімізді өткізген едік. «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты 6 басылымның өзіндік жобалары бар. Мәселен, «Ақиқат» журналы шахматтан журналистер арасында турнир өткізсе, «Үркер» журналы жас әдебиетшілерге арналған «Үркер-Үміт бәйгесін» жыл сайын  өткізіп келеді. Ал таралымы көп басылым «Ана тілі» студенттерге арнап  «Ана тілі аруы», «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізуді дәстүрге айналдырды. Бұл шаралардың барлығы оқырман назарын тартуды көздейді. Осы арқылы халықтың шығармашылыққа деген ықыласы артып, ерік-жігерінің шыңдалатыны анық» — деді.

img_0184
Биылғы жарыс шведтік үлгімен есептелді. Яғни қатысушылар ұпай саны бойынша бір-бірімен сынға түсіп отырды.  6 турдың нәтижесінде жеңімпаздар компютерлік есептеу бойынша анықталды. Төрт сағатқа созылған тартысты сайыстың қорытындысында бірінші орынды «Қазақ газеттеріне» қарасты «Уйғур авази» газетінің қаламгері кәсіпқой шахматшы Арслан Аллахунов  иеленді. Екінші орынға «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Асқар Беков  ие болды. Ал үшінші орынды Жоламанов Амангелді, Нұрлан Құмар, Ерубаев Талғат сынды қалам ұстаған журналистер алды.  Жүзден жүйрік шыққан жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен диплом табыс етілді.

img_0191

Мақпал Ноғайбаева




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *