Әйелдің сән-салтанаты

519

Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемісті жеп, жұмақтан қуылады. Алланың әмірімен періштелер Адам атаның басындағы тәжінен бастап інжу-маржан әшекейлеріне дейін түгел алып қояды. Хауа ананың сәнді бұйымдарына тиіспейді. Оның дүр-жауһар сақинасы, інжу-маржан тәжі, лағыл моншақтары, сәнді бояулары бәрі сол қалпында қалады. Адам ата:

– Иә, Алла, неге менің сән-салтанатымды тартып алдың да, Хауаға тиіспедің? – деп сұрайды. Тәңірі тағала:

– Әй, Адам, сен күн болсаң, Хауа – сенің шұғылаң. Ер-азамат – әйелдің қорғаны. Негізгі жауапкершілік сенің мойныңда. Хауаны саған нығмет етіп жараттым. Сенің кесіріңнен оны жазаласам, менің Әділдігім қайда қалады? — дейді.

Әйелдің әдемілікке, әшекейге құмар болатыны, алтын жүзік, күміс сырға тағынса, ажарлана түсетіні содан екен[1].

[1] Yazıcıoğlu Muhammed. İzahlı Açıklamalı Muhammediye. – İstanbul: Çile Yayınları, 1978.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *