Фристайлшыларымыз Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші алтын медалін салды

210

Фристайлшыларымыз Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 қысқы ойындарында фристайлдан алтын медальді жеңіп алды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшыларымыз 167.05 ұпай алды, ал қарсылас қытайлық екі команда 113.02 және 87.77 ұпайдан алды.

Осылайша, Қазақстан қоржынында сегіз медаль: екі алтын, екі күміс, төрт қола.

Еске салайық, бірінші алтынды Алина Райкова алды. Ол екі рет мүлт кетіп, барлық жолды 59 минут және 48,7 секундта жүріп өткен еді. Оның артынша тағы бір қазақстандық Галина Вишневская (+2:21) келді, ол төрт рет мүлт кетті. Үздік үштікте украиналық Надя Белкина да бар (бес рет мүлт кетті, +2:23).

Қазақстанның басқа да өкілдері Дарья Усанова бес рет мүлт кетіп, мәре сызығын төртінші болып кесті, ал Елизавета Бельченко бесінші болып келді (төрт рет мүлт кетіп, +3:10).

Еске сала кетейік, кеше, Анна Шевченко шаңғы жарысында қола медальалған болатын. (бес шақырым қашықтыққа жеке жарыстан). Бұл қашықтыққа жүгіруден ресейлік Лилия Васильева 14.08.6 көрсеткішімен алтын медальді еншілесе, тағы бір ресейлік спортшы Анна Нечаевская күміс медальды алды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *