Almaty

Қазақстандағы ең ірі қала

Алматы, республикалық деңгейдегі қала, ірі саяси, қаржылық, өндірістік, мәдени, туристтік және спорт орталығы. Алматы қаласының миллионыншы тұрғыны ретінде ресми түрде 1981ж. 19 желтоқсанда дүниеге келген Бауыржан Қадірсізов танылды. КР Статистика агенттігінің  мәліметтері бойынша 2016 ж.1 мамырда Алматы қаласы халқының саны (қосылған территорияларды есептегенде) 1,722 мың адамды құрады. 2014ж. Алматы қаласы бірінші рет ТМД-ның  мәдени астанасы мәртебесін алды.

«The Rough Guide» туристтері үшін британдық басылымдарының нұсқасы бойынша қыдыруға арналған ең әдемі қалалар рейтингісінде Алматы қаласы 7-орынды алды. Басылымдардың айтуы бойынша, Алматы – Қазақстан Республикасы астанасы мәртебесінен айырылғанына қарамастан Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі, туристтерге мегаполистің георгафиялық орналасуы ұнайды – тарихи Жібек жолы және бейнелі таулар.

Қазақстанның ең қарқынды өсіп келе жатқан қаласы Астана болып табылады. 2016 ж. 4шілдесінде Н.Ә. Назарбаев Астана қаласын миллионшы тұрғын – қыз Саиданың дүниеге келуімен құттықтады.

Астана – Қазақстандағы ең бақытты қала. «Exclusive» журналының талдампаздары ел аймақтарына арналған «бақыт индексі» атты рейтинг жасап, осындай қорытынды жасады. Сарапшылар әр аймақты 7 параметр бойынша бағалады: денсаулық, қауіпсіздік, экологиялық жүктеме, білім, байланыстардың қолжетімділігі, материалдық құндылықтарға қолжетімділік және ертеңгі күнге деген сенімділік. Осы параметрлер бойынша рейтинг жасалып, оған 14 облыс, Астана және Алматы қалалары енді. Рейтингтің идеясы ресми статистика мәліметтеріне негізделген. Әр параметрдің нөлдік көрсеткішіне орташа қазақстандық деңгей алынды. Барлық параметрлер бойынша Астана қаласы жақсы жағынан едәуір ерекшеленді. Екінші «құтты орынға» Алматы ие болды.

Қазақстанда өмір сүру үшін үздік қала ретінде Атырау қаласы танылды. «Қазақстан – 2050» жалпы ұлттық әрекеттері срапшыларының ойлары бойынша Атырау қаласының тұрғындары өмірден бәрінен көп рақат алады. Мұндай тұжырымға сарапшылар Қазақстаннның 86 қаласын зерттегеннен кейін келді. Мамандар инфрақұрылымның жағдайын салыстырды, жол, мектеп пен ауруханалардың болуын қарады, тұрғын үй-коммуналдық шаурашылығы саласын инспекциялады, комуникацияның тозуы, су сапасы, ауаның ластану дәрежесі және жалақы мен зейнетақының мөлшерін бағалады.

«Қазақстан рекордтар кітабы»

Дайындаған: Үміт Жұмаділова




Пікір қалдыру