Сандықтың ішіне ақ мата сақтау

453

Бибіажар анамыз сандығына ақ бөз маталарды жинап, сақтап жүреді екен. Мұны байқаған келіні:

– Апа, ақ маталарды неге жинап жүрсіз? – дейді. Ажар анамыз:

– Сандықта жатқан ақ мата үнемі Құдайдан «Иә, Алла, мына шаңыраққа береке бер, үй иелерінің өмір жасын ұзақ қыл. Мені қара жердің астында көміліп қалудан сақта», – деп, дұға етіп тұрады. Соның себебінен үй иелеріне мезгілсіз қаза жетпейді. Ақ шытты сақтайтын сырым сол, – депті.

Содан бастап, келіні де ақ шыт жинап сақтайтын болыпты. Бибіажар анамыздың қауымы бұл істі үрдіске айналдырып әкетіпті. Бұл дәстүр қазір де қазақ арасында сақталған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *