Ең күшті…

 

Алматы облысының Сарқанд қаласынан шыққан Секен  Төлеубеков 80-нен аса жаста болуына қарамастан, рух сергектігі мен қолдарының күшін сақтаған. Жас кезінде ол ұлттық қазақ күресімен айналысқан және қазір алақанының қабырғасымен қалыңдығы 5-10 см жұмыр тасты сындырады. С.Төлеубековтың ерекше қабілеттерін дәрігерлер оның өзгеше ішкі энергетикасымен байланыстырады.

Алматы қаласының тұрғыны, өзінің алдыңғы рекордтарын жаңартқан Жан Ата (1940ж.туылған) бірегейлі қабілеттерге ие. Ол 75 жасында 4 сағат 22 минут ішінде 6кг 150 г салмақты ағаш қайрақты үздіксіз 9000 рет көтерді. Ол сонымен қатар 3 сағат ішінде тоқтаусыз 5105 рет отырып тұрды. Ішкі энергиясы,  күші мен жігерінің көмегімен Жан Ата биіктігі 1,5 метр және диаметрі 40 сантиметр бокс грушасын оған мүлдем тимей қозғалтты. Ол 15 градустық аязда жалаң аяқ қардың үстімен 3 км жүгіріп өте салды. 5 сағат бойы арқасымен жатып Жан Ата 5 кг салмақты металл сүйменді 11111 (он бір мың жүз он бір) рет иді. 145 минут бойы (2,5 сағатқа жуық) жанып тұрған майшамға кеңсіріктен 25-27 см қашықтықта, бірде бір көзін жұмбай қарады – бұл көздің көруін қалпына келтіреді, адам аурасын тазалайды, өз-өзін жетілдіру үшін адамның ішкі энергетикалық мүмкіндіктерін нығайтады. Оның өнер  көрсетулері толығымен зерттеліп болмаған адам ағзасының мүмкіндіктеріне арналған.

Этнограф, қазақ билерін жинаушы Жамали Диханұлы бірегейлі қабілеттерге ие. Ол 18 өткір пышақ жүзімен оп-оңай жалаң аяқ жүріп өте алады. 2 пышақтың жүзінде тұрып, бір уақытта тістерімен 88 килограммдық жүкті ұстап, қолымен салмағы 32 килограмм гірді көтереді.

«Қазақстан рекордтар кітабы»

Дайындаған: Үмті Жұмаділова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *