Ең ерекше…

Қайыңды өзені Қайыңды өзенінің аңғарында (Күнгей Алатау жотасы) теңіз деңгейінен 1867 метр биіктікте аршалар ортасында орналасқан, тау шыңдары қоршап жатыр. Ол шамамен 100 жыл бұрын әктастың ірі массаларының құлауы нәтижесінде пайда болған. Үйме шатқалды табиғи бөгет болып жапты. Көлдің ұзындығы – 400 м, тереңдігі – 30 м-дей. Суға батқан аршалардың құрғақ бұталары судан суасты соғыс кемелерінің діңгегі сияқты шығып тұр.

Қазақстанның ең көп сулы өзені – Ертіс: жалпы ұзындығы –4248 шм; республика аумағында – 1700 шақырым.

Жетісу ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша ең үлкен сарқырама – Бұрқан-Бұлақ Жоңғарияда орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте жатыр, ал оның үш жікқабатының биіктігі 112 м құрайды.

Қазақстанда ең белгілі қойнау – Шарын , Алматының оңтүстік-шығысында 200 шм жерде орналасқан, қайназой борпылдақ жынысын кесіп өтіп, палеозойлық метаморфиялық және эффузифтік жыныстарына тіреледі.

Қазақстандағы, сусыған құм әжептәуір дыбыс шығарғасын «ән салушы бархан» аталған, жалғыз құм шоғыры Аяққалқан тауы етегінде, Іленің оң жағалауында. Оның биіктігі – 80-нен 150м-ге дейін, ұзындығы – 4 шм дейін. Табиғаттың ерекше ескерткішін зерттеумен  алғаш рет 1962 ж. атмосфералық электр облысындағы маман, профессор В.И. Арабаджи айналыса бастады.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

«Қазақстан рекордтар кітабы»




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *