1c0288b9075ad568072ec1283e756e9f_resize_w_520_h_

Құл-Мұхаммед Елбасыға партия жұмысының жаңа форматы жөнінде мәлімет берді

Қазақстан Президенті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Мемлекет басшысы кездесуде партияның 2016 жылғы қызметінің қорытындылары жөніндегі есепті тыңдап, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпыұлттық күн тәртібіндегі маңызды аспектілерді іске асыру шаралары, сондай-ақ ел дамуының басты бағыттары жөнінде жұртшылықты хабардар ету мәселелері туралы баяндалды.

М.Құл-Мұхаммедтің мәліметі бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда партия құрылымдарына арыз-шағыммен жүгінген азаматтар саны 30%-ға артқан. 2016 жылы 283 мыңнан астам өтініш келіп түскен, қазір оның 92%-ы оң шешімін тапты.

Сондай-ақ, Елбасыға партия өкілдерінің өңірлердегі жұртшылықпен кездесулерінің қорытындылары және күнделікті қызмет барысында қолданылатын партия жұмысының жаңа форматы жөнінде мәлімет берілді.




Пікір қалдыру