svekla-dlja-pohudenija-1

Қызылшаның пайдалы қасиеттерін білесіз бе?

Қызылша дәрумендерге бай. Құрамындағы бетаин артық салмақтан арылуға және бауыр ауруларынан айықтыруға сеп. Қызылша  күш-қуат беріп, ағзаны тазалайды. Оны балаларға, болашақ аналарға және егде жастағы адамдарға жеу аса пайдалы. Қызылшаны пісіріп, қайнатып, қуырсаңыз да, өзінің емдік қасиеттерін жоғалтпайды.

Қызылша ішек жолдарының қызметін реттейтін қасиетке ие. Дәрігерлер күніне 100-150 г қайнатылған қызылша жеуге кеңес береді. Мысалы қызылшадан дайындалған салатты жасау оп-оңай.

Ол үшін 3 тал қызылша, 2 тал пияз, тұз, зәйтүн майы, аздаған сірке суы қажет.

Дайындау әдісі: Аршылған қызылшаны тұздалған суда қайнатыңыз, пияз пен қызылшаны майдалап тұраңыз. Зәйтүн майы мен сірке суын аздап қосып, араластырыңыз. Дәмді тағам дайын.

Қызылша тез пісу үшін 30 минут қайнатқан соң, ыстық суды төгіп тастап, суық судың астына 15 минутқа қоямыз. Температураның ауысуы қызылшаның тез пісуіне ықпал етеді.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

takprosto.cc

 




Пікір қалдыру