5d5099ecdeb0

Ұлттық тағамымызды насихаттап жүр

Флориан Пинель есімді аспазшы қазақ­тың ұлттық тағамдарын өз елінде насихаттап жүр.
Ол Қазақстанға келген кезінде ұлттық тағамдары­мыз­дың тіл үйіретін дәміне ерекше тәнті болғаны сон­шалық, қазіргі таңда өзі тіршілік кешіп жатқан Нью-Йорк қаласының тұрғындарына да қазақ тағамдарын ұсынуды жөн көріпті. Ең көп қызы­ғушылық тудырған – қуырдақ, шұбат пен құрт болған екен. «31 арна» тілшілеріне берген сұхбатында ол 40 елде болып, әртүрлі халықтардың ұлттық тағам­дарымен танысқанын айтыпты. «Қазақстан өте қатты ұнады. Шымкент, Астана мен Алматыда шұбаттың дәмін татып көрдім. АҚШ-қа келген соң түйе сүтін ғаламтор арқылы тауып, өзім де шұбат дайындап көрдім. Құртты да жасадым, бірақ оның дәмі тәтті болып шықты» дейді Ф.Пинель. Мұхиттың арғы жағын­дағы елдің өзі ұлттық тағамдарымызға қайран қалып жатқанда, өзіміз соның бағасын біле алмай жүргеніміз қалай?!




Пікір қалдыру