Smart Zholy: қазақстандықтар жастарға цифрлық экономиканы қалай құру керек

20 сәуірде «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры Smart Zholy бағдарламасының тұсаукесерін өткізді.

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірегей бағдарлама — Smart Zholy жобасының шеңберінде қазақстандық бағдарламашылар мен стартаперлер халықаралық компаниялармен бірлесіп өздерінің инновациялық өнімдері мен сервистерін құра алады.

20170420172413

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының Smart Zholy бағдарламасы Оңтүстік Азиядағы Echelon Asia Summit жетекші стартап-алаңымен бірлесіп іске асырады.

Smart Zholy-ының басты элементі конкурстық негізде іріктеліп алынған жастардың 10 командасы әлемнің жетекші технологиялық хабының бірі — Сингапурдегі екі апталық бағдарлама шеңберінде өз жобаларын әлемдік деңгейдегі менторлардың тікелей басшылығымен идеясынан бастап бастапқы өнімін шығаруға дейінгі жолдан өтіп, ірі азиялық корпорацияларға ұсына алады.

Бағдарлама екі кезеңге бөлінеді — біріншісі Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларын қамтиды. Екінші кезеңінде жоба бүкіл елді қамтиды.

Конкурстың қорытындысы бойынша өтінім берген 70 команданың ішінен 10 команда іріктеліп алынады. Олардың арасында үздік әлемдік жоғары оқу орындарының түлектері Princeton, UC Berkeley, Carnegie Mellon және басқалары, сондай-ақ қазақстандық Nazarbayev University, ҚБТУ университеттері және басқалары бар.

20170420172401

  Іріктелген командалар телекоммуникациялар, логистика, қаржы және денсаулық сақтау саласындағы ірі корпорациялардың өтінімдері бойынша жобалар әзірлейді. Қазақстандық командалар сингапурлық стартап — экожүйесінің орталығында атақты Block 71-де орналасады. Қатысушылар елге қайтып оралған соң алған білімдерін болашақ әзірлемелерінде қолдана алады.

«Smart Zholy» жобасын іске асыру жастардың стартаптарын тек қана Қазақстанға емес, ғаламдық нарыққа шығару, Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған экономиканы жедел жаңғырту және цифрлық экономиканы құру міндетін орындай отырып, Астананы технологиялық картадағы жаңа нүкте ретінде көрсете білу болып табылады», — деп атап өтті Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

Тұсаукесер шеңберінде Echelon Asia Summit (Сингапур) компаниясының негізін бірлесіп қалаушысы Тэдиус Ко, booking.com (Амстердам) компаниясының инженер-бағдарламашысы Әлібек Датбаев, Method.kz бағдарлама жасау мектебінің негізін қалаушысы Дагар Давлетов, Малайзиядағы MultiMedia University докторанты Мағжан Қайранбай сөз сөйледі. Бұдан басқа 10 финалист команда мүшелері таныстырылды.

«Біз қазақстандық стартаптарды Сингапурде және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі Echelon Asia Summit саммиттерінде қабылдап жүрміз және қазақстандық командалардың потенциалын жақсы білеміз. Smart Zholy — қазақстандық жобалардың сомалық көлемі  650 млн адамды қамтитын әлемнің ірі нарығын қамтудағы жаңа деңгейі», — деп атап өтті Тэдиус Ко.  20170420172356

20170420172409

ҚазАқпарат  агенттігі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *