Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып Асқар Баталов тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

 «ҚР мәдениет және спорт министрі аппаратының кеңесі кезінде ұжымға жаңа вице-министр Асқар Баталов таныстырылды. Ол туризм саласын дамыту мәселелері мен қоғамдық-саяси жұмыстарға жетекшілік ететін болады», — деп жазды Facebook-тегі парақшасында Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғали.

Асқар Болатұлы Баталов 1964 жылы 19 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Алматы сәулет-құрылыс институтын, Мәскеу менеджмент академиясын тәмамдаған.

1994-1997 жылдары — «Райымбек» фирмасының вице-президенті.

1997-1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас менеджері.

1998-2005 жылдары — «Қазинвест» қазақстандық инвестицияға жәрдемдесу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, «Қазинвест» жабық акционерлік қоғамының президенті.

2005 жылы ҚР Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды.

2007 жылдан — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы.

2009 жылдан бастап — жеке бизнесте.

Сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссиясының көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры қызметін атқарды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *