Бірегей…

285

Шәкір Жексенбаев (1901-1988) – тұңғыш қазақ атты полк командирі (1919ж.), жоғары әскери атаққа Ұлы Отан соғысы жылдары ие болған тұңғыш қазақ, техникалық әскер генерал-майоры (1943ж.)

Кеңес Одағы Батыры атағын алған кеңестік Шығыс әйелдерінен бірінші де бірегейі Ұлы Отан соғысының батырлары – Әлия Молдағұлова (1925-1944) және Мәншүк Мәметова (1922-1943) болды.

Аты аңыз Хыйуаз Доспанова (1922-2008) – бірінші жауынгер ұшқыш қазақ қызы, ПО-2 ұшағымен екінші жиһан соғысында жау шебіне үш жүз қанат қақты. 2004ж. ол «Халық Қаһарманы» атағына ие болды.

Кеңес Одағы батыры мәртебелі атағын екі рет алған бірінші қазақстандықтар – Сергей Луганский, Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов.

Аты аңызға айналған 316-атқыштар дивизиясы, кейін генерал И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия деп аталған, 1941 ж. 14 шілдеде Алматыда жасақталды. 2015 ж. 7 мамырында Астана қ. Кеңес Одағының Батыры       И.В. Панфиловқа ескерткіш ашылды. Қоладан жасалған 2,5 м биіктікті мемориалдың шығыс жағында Мәскеуді қорғау кезінде қаза тапқан 28 панфиловшылар-әскерлеріне табиғи граниттен ескерткіш тастары орналасқан  «Кеңес Одағы Батырының алтын жұлдызы» медалімен 28 стела дайындалды.

Алғашқылардың бірі болып рейхстагқа Жеңіс Туын Рақымжан Қошқарбаев (1924-1988) тікті, «Халық Қаһарманы» (1999ж.) атағы оған қайтыс болған соң берілді. Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мемориалдық тақта 2015ж.           4 мамырында Алматы қаласында орнатылған, оны батыр соғыстан кейін 20 жыл бойы басшы  лауазымында жұмыс істеген «Алматы» қонақ үйінің кіреберісіне орнатты.

«Қазақстан рекордтар кітабы»

Дайындаған Үміт Жұмаділова.




One thought on “Бірегей…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *