Асанәлі Әшімов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды

Мемлекет басшысы актер, режиссер, театр және кино майталманы Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді, деп хабарлады Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасы.

Асанәлі Әшімов — КСРО, ҚазКСР, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.  1937жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент (бұрынғы Байқадам) ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақтың Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітіріп шығып, «Қазақфильм» киностудиясына актерлік штатқа қабылданды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *