3f80be68e5cf71fefaeb171622499f1e_L

Қытайдың 500 компаниясы EXPO — 2017 көрмесіне қатысады

Қытайдың 500 компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысады.

Бұл туралы Ахметжан Есімов пен Қытайдың Халықаралық сауданы қолдау комитетінің төрағасымен өткен кездесуде айтылды. Ахметжан Есімов Қытай павильонына қызығушылықтың жоғары екендігін атап өтті. Ал Аспанасты елінің өкілдері дайындық жоғары деңгейде жүріп жатқанын жеткізді. Павильонды келушілерге паш ету үшін Қытайдың 223 провинциясының маманы еңбек етіп жатыр. Тараптар мұндай ауқымды шара қос елдің ынтымақтастығына тың серпін беретінін тілге тиек етті.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы:

– Жақында ғана Бейжің қаласында Елбасының қатысуымен «Бір белдеу – бір жол» атты шара сәтті өтті. Ел арасындағы қарым-қатынас жыл сайын нығайып келеді. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымының отырысына және «ЭКСПО» көрмесінің ашылу салтанатына қатысатынын растады. Біз үшін бұл – үлкен жауапкершілік. Айтулы шараға барлығы 23 мемлекет басшысы қатысады.

Хабар 24




Пікір қалдыру