Ғылым және білім беру

Білім беру саласында Социалистік Еңбек Ері атағын алған бірінші қазақстандық ҚазКСР еңбегі сіңген мұғалімі Рабиға Бекенқызы Нұртазина болды (1968ж.). Ол сабақ беру әдістемесі бойынша 200-ден астам еңбектің авторы.

***

Қазақстан Республикасы бірінші Білім беру министрі (1993ж. дейін) болған Шайсұлтан Шаяхметов (1939-2000), химия ғылымдары, профессор, ҚР еңбегі сіңген қайраткер.

***

Алматы қ. Ы. Алтынсарин атындағы № 159 гимназияның директоры Аякүл Миразова 2008ж. «Қазақстанның Еңбек Ері» мен Н.Ә. Назарбаев таққан «Алтын жұлдыз» – ерекше марапатына ие болды.

***

Н.Ә. Назарбаев 2009 ж. қаңтарында Астана қ. Бірінші зияткерлік мектепті «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектебі» жоба шеңберінде ашты. Бұл физика-математикалық бағыттағы мектептер жаңа оқу бағдарламалары мен педагогикалық технологиялар сынақтан өтетін тәжірибе алаңына айналмақ. Алматы қ. 2015ж. 11 тамызында химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды.

***

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылған бірінші жоғарғы оқу орны – Астана қаласында 2010 жылы қыркүйекте жұмыс істеуді бастаған Назарбаев Университеті болып табылады. Бүгінгі таңда Назарбаев Университетіне түскен барлық студенттер мемлекеттік грант есебінен тегін білім алады. Универсиетті ашудағы басты идея – бұрынырақ «Болашақ» бағдарламасымен шет елге  білім алуға баратын студенттер  дәл сондай сапалы білімді Қазақстанда да алуға мүмкіндік алды. Назарбаев Университетінде мемлекет басшысы                 Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен студенттердің алғашқы бітірушілерінің салтанатты рәсімі 2015 ж. 15 маусымында өтті.

***

Білім саласындағы 2010 жылғы ең атаулы оқиғалардың бірі – білім министрлерінің конференциясында және Вена (Австрия) мен Будапештте (Венгрия) өткен білім министрлерінің II Форумында Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы жөніндегі шешімнің түпкілікті қабылдануы болды.

***

Қазақстанда 2004ж. бері мектеп бітірушілерінің білім сапасын бағалау мақсатында ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) формасында тәуелсіз сыртқы бақылау жүргізіледі. ҰБТ төрт пән бойынша жүргізілді. 2008ж. Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізу ережесіне елеулі өзгеріс енгізілді: ҰБТ төрт пән  – ана тілі (оқу тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі және оқушының таңдау пәні бойынша жүргізіледі. 2016ж. ҰБТ-ға 84079 мектеп бітірушілері қатысты. Жоғарғы балл – 125 баллды 19 бітіруші жинады. Бұл ҰБТ жүргізілген жылдар аралығында максималды балл жинаған адамдардың рекордты саны.

«Қазақстан рекордтар кітабы»

Дайындаған Үміт Жұмаділова.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *