«Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымы Мемлекет басшысының алғысына ие болды

«Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің алғысына ие болды. Айта кетейік,  Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы үздіктерді марапаттау туралы өкімге қол қойды.

Мұндай мәртебеге еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз еткен бұқаралық ақпарат құралдары мен тілшілер ие болды.

«Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналы   қоғамды демократияландыру және саяси мәдениетті жетілдіру үдерістерін жариялап-көрсетуге қосқан үлесі үшін  ерекше деп танылды.

Бұл марапат «Мысль» қоғамдық-саяси журналының ғана емес, «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты барлық басылымдардың, атап айтқанда «Ана тілі», «Экономика», «Ұйғыр авази» газеттері мен «Ақиқат», «Үркер» журналдарының шығармашылық ұжымдарына ортақ қуаныш. Әріптестерімізді мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да алар асуларыңыз биік бола берсін деген тілектеміз.

 «Қазақ газеттері» ЖШС-і редакторлар кеңесі

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *