Еңселі еңбектің жемісі

Журналистердің кәсіби мерекесіне орай, «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты басылымдардың қызметкерлері жыл сайын дәстүрлі түрде тапсырылатын шығармашылық жүлделерге ие болды. Бұл жолы серіктестікке қарасты «Уйғыр авази» газетін 25 жыл басқарған белгілі журналист, жазушы Юлдаш Азаматов «Алтын қалам» жүлдесімен марапатталды.

«Үркер» журналының бөлім редакторы Салтанат Қажыкенге «Күміс қалам», «Қазақ газеттері» сайттарының веб-редакторы  Шерхан Молдахметке  «Қауырсын қалам» жүлдесі тапсырылды.

Жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сыйлықты «Қазақ газеттері» ЖШС-інің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин тапсырып, марапат иелеріне шығармашылық табыс тіледі.

 

Абылайхан ЖҰМАШЕВ




3 пікір “Еңселі еңбектің жемісі

  1. Жүсіп

    Құрметті әріптестер, еңселі еңбектеріңіз ескеріле берсін. Жемісі көп болсын!

  2. Ерке

    Қаламдарыңыз ұштала берсін. Құттықтаймыз!

  3. Тахмина

    Юлдаш аға сізді ерекше құттықтаймыз!Сіз мықты журналистердің бірісіз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *