ЭКСПО-2017 Көрмесі басталғалы 425 мың адам келген

183

19–25 маусым аралығында ЭКСПО-2017 Көрмесіне келушілер саны 168 675 адамға жетті, яғни бір күде орташа есеппен 24 096 адам көрмені тамашалаған.

Көрменің алғашқы 9 күніндегі көрсеткіш: 205 561 адам келген, күніне орташа есеппен 22 840 келуші тіркелген.

10-25 маусым аралығында ЭКСПО-2017 Көрмесіне жалпы саны 374 236 адам келген. Ал, 27 маусымдағы қорытынды көрсеткіш 425 377-ге жетті.

Ал, 10.06 — 27.06 маусым аралығында Көрмеге кірудің жалпы саны (Көрме нысандарындағы жалпы келіп-кету көрсеткіші) — 2 774 527 жетті.

Келушілер саны жоғары павильондар:

  1. Ресей
  2. Өзбекстан
  3. Үндістан
  4. Әзірбайжан
  5. Африка плазасы
  6. Мысыр
  7. Қытай
  8. Түркия
  9. Сауд Арабия Корольдігі
  10. Малайзия.

Келушілер саны жоғары нысандар:

  1. Нұр-Әлем
  2. Коммерциялық павильондары
  3. «Шелл» балалар зертханасы
  4. Дю Солей циркі
  5. С 3.5тематикалық павильоны
  6. Амфитеатр
  7. С 2.4тематикалық павильоны
  8. Шығармашылық энергия аймағы
  9. Корпоративтік павильоны
  10. Балалар саябағы

Қауіпсіздік мәселесі бойынша 178 оқиға тіркелді, олардың басым бөлігі — ересектердің балалардан көз жазып қалуы. Айта кетерлігі, күн өту, әлсіреу және т.б. салдарынан, сондай-ақ созылмалы аурулары бар жандар тарапынан медициналық көмекке жүгінгендер саны 146 жетті.

Дереккөз:expo2017astana.com




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *