Британдық ғалым Жер планетасынан көшу керектігін айтты

63

Британдық ғалым Стивен Хокинг алдағы 30 жылда адамзат Жер ғаламшарынан көшуді бастау керектігін айтты.

Аталмыш физиктің айтуынша, осы 30 жылдың ішінде Айда база орнатуға болады. Ал марста орнату – 30 жыл уақытты қажет етеді.

Хокинг аталған аспан денелеріне өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақтардың сынамаларын жіберуді ұсынды.

«Менің ойымша, адамдар Жер планетасынан жақын арада көшуі керек. Себебі, мұндағы біздің физикалық ресурстарымыз тез сарқылып барады», – деп мәлімдеді әйгілі ғалым.

Хокингтің пайымдауынша, миграция жаһандық жылынуға байланысты мәселелерден алшақтауға көмектеседі. Сондай-ақ астероидтің құлауынан да құтылуға септігін тигізеді. Оның ойынша, тек осылай ғана адамзат өмір сүруін жалғастыра алады.

Хабар 24




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *