Бүгіннен бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беруге өтінімдер қабылданады

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бүгін, 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін конкурсты жариялайды. Конкурс:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) демография проблемаларын шешу;

6) гендерлік проблемаларды шешу;

7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

11) мәдениет пен өнерді дамыту;

12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

14) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

15) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа Қазақстан Республикасында тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық  ұсына алмайды. Сыйлықақыны алуға бір үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімдерді ұсынуға арналған тізбе мыналарды:

1) бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның ресми бланкіндегі ұсынымды (А4 форматындағы екі парақтан аспайтын), сондай-ақ құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

2) үкіметтік емес ұйымның қызметі, жұмыс тәжірибесі, өңірдің және/немесе елдің азаматтық қоғамын дамытудағы әлеуметтік үлесі туралы анықтаманы;

3) үкіметтік емес ұйымның қызметіндегі соңғы жылдағы жетістіктері туралы қысқаша сипаттаманы;

4)  үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (басқа үкіметтік емес ұйымдар) өкілдерінің ұсынымдарын (екіден кем емес) қамтиды.

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында PDF-форматта) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8 (Орынбор көшесі 8), «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісіндегі 265-кабинет. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 05 11, 74 09 97

 

Хэштегтер:

#ҮЕҰ-ғаарналғаналғашқысыйлықақығабайқаужарияланды»;

#ҮЕҰ-ғаарналғаналғашқысыйлықақыөзүміткерлерінкүтуде»;




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *