Фейсбук «Тегін Wi-Fi іздеу» қызметін іске қосты

Жақында ғана Фейсбук компаниясының сериал түсіруге қатысты жаңа бастамасын қолға алғанын хабарлаған болатынбыз. Әлеуметтік желінің басқарушы топ мүшелері жоспары бойынша жобаның негізгі нысаны, яғни, көрермені — 13 пен 34 жас аралығындағы жастар. Сериалдарда саяси тақырыптар талқыланбайды, сондай-ақ,  әдеби нормаға жатпайтын лексика қолданылмайтын болады.

Ал, бүгін аталған әлеуметтік желі «Тегін Wi-Fi іздеу» қызметін іске қосқаны туралы ақпарат белгілі болды.

Аталған қызмет түрі тұтынушының геолокациясына байланысты жақын маңдағы тегін интернетті анықтайды. Мекеме иесі тегін Wi-Fi бар екенін арнайы картада көрсеткен жағдайда оны табу ешқандай қиындық тудырмайды.

Жақын маңдағы қолжетімді әрі тегін интернетті табу үшін фейсбук қосымшасын ашып, More батырмасын басасыз, кейін » Wi-Fi табу» қызметін таңдайсыз. Қажетті қадамдарды орындағаннан соң телефоныңыз тегін интернетке қосылу мүмкіндіктерін ұсынады.

Дереккөз: Massaget.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *