ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл толды

217

Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіби мерекесін тойлауда. Комитеттің құрылғанына бұл күні 25 жыл толып отыр. Атаулы күн қарсаңында күштік құрылым өткізген алғашқы арнайы операцияларды еске түсірсек, деп хабарлайды Вnews.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

Кепілге алынған адамдарды босату үшін өткізілген алғашқы «Набат» арнайы операциясы Қызылордада ұйымдастырылған. 92 жылдың қысында түрмеден қашқан екі адам рейстік автобусты басып алып, ұшақ талап етіп, ел аумағынан кедергісіз шығуға мүмкіндік беруді талап еткен. Осы талап орындалмаса 13 жолаушыны өлтіреміз деп қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған жағдай еді. Бір тәулікке созылған арнайы операция нәтижесінде автобусқа шабуыл жасалып, барлық жолаушылар құтқарылды.

ҰҚК 90 жылдары өткізген тағы бір арнайы операциясы «Сапфир» деп аталады. Ол АҚШ-пен бірлесіп жүргізілген. Операция барысында Қазақстан 600 келі байытылған уранды АҚШ-қа тапсырды.

Күштік құрылым Қарсы барлау қызметі, Шекара қызметі,Терроризмге қарсы қызмет, «А» арнаулы мақсаттағы қызметі, Әскери қарсы барлау департаменті, Экономикалық қауіпсіздік қызметі, Ақпарат және кибер қауіпсіздік қызметі, Үкіметтік байланыс қызметі және Мамандар дайындаудан тұрады.

МКС-51 экипажының құрамы Федор Юрчихин мен Олег Новицкий де ҰҚК 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *