Береке қайтсе кетеді?

Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды:

— Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді:

— Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді.

Қаз дауысты Қазыбек тұрып:

Келінің керіске сай болса,

Қызың сумақай болса,

Сол үйдің берекесі түгел кетеді,

— Әйелің жақсы болса,

Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың.

Әйелің жаман болса.

Досың сенен безініп,

Үйіңнен кетер қонағың, —

— Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? — дейді.

— Әйелің қабағын түйіп керілсе,

Шай құйып беруге ерінсе,

Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды:

— Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:

— Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың.

— Ал, не жаман?

— Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.

депті.

Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті.




3 пікір “Береке қайтсе кетеді?

  1. Айка

    Сколько мудрости у наших предков было! Мы должны ценить и следовать им

  2. Жазира

    Ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін, əдет-ғұрыптарымызды ұмытпай, сақтап келгеніміз абзал

  3. Жастілек

    Қазіргі жастар мә десе үлкендерге қарамай өзіне бірақ сөз айтып салады. Ұлттық құңдылықтар жойылып барады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *