«Болашақ» стипендиаттары шетелдік замандастарын EXPO көрмесіне шақырып жүр

235

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары шетелдік замандастарын «ЭКСПО-2017» көрмесіне қонақ болуға үгіттеп жүр.

Соның бірі – британиялық Уорик университетінің студенті Мирас Нұралиұлы. Ол Астанада диссертациялық зерттеу жүргізіп қана қоймай, ағылшын досымен бірге халықаралық көрмеге қатыспақшы.

Мирас Нұрәліұлы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты:

– Елордамыз Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне өзіммен бірге Ұлыбританиядағы жоғарғы оқу орнында бірге білім алып жатқан ағылшын досым Захибты ала бардым. Мақсатым –Қазақстанда болып жатқан ғаламдық шараны өзге ел азаматтары арасында насихаттау, елге турист тарту, Ұлы дала елінің танымалдылығын арттыру. Екеуіміз Германия, Катар, АҚШ, Ұлыбитания, Қазақстан және басқа да елдердің павильондарында болып, ерекше әсер алдық. Бұдан бөлек шетелдік досымды Бурабайға қыдырттым. Ол атқа мініп серуендеді, саятшылық өнерін көрді. Қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып, ұлттық асымыздан дәм татқан ол кең байтақ даламызды тағы да көруге келетінін жеткізді.

24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *