40 мыңнан астам ақмолалық «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады

266

Ақмола облысының делегациясы «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін тамашалады. Оның құрамында жүзден астам адам бар. Шара басталғаннан бері 40 мыңнан астам ақмолалық көрмеге келген, деп хабарлайды Вnews.kz.

Ақмолалық делегация алдымен «Нұр Әлем» кешенін аралады. Сонымен қатар Ресей, Германия, Франция мен басқа да мемлекеттердің павильондарында болды. Ақмолалықтарды қызықтырғаны тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық,  көлік, қалдықтарды жою саласындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаңашылдықтар болды.

«Барлығы өте нәтижелі болды, біз тамаша әсер алдық. Ғаламшардың экологиялық ахуалын сақтау бойныша инновациялық шешімдер, климаттың өзгеруі, «жасыл» экономиканың тетіктерін іс жүзінде қолдануға қатысты ұсынылып отырған шешімдер өте қызықты екен. Бұл жерде ұсынылып отырған жаңартылатын энергия көздері, қалдықтарды өңдеу мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы әзірлемелермен жақсылап танысып, өзіміздің өңірге енгізу мәселесін қарайтын боламыз», — деді Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев.

«Қазақстанның мұндай ауқымды шараны өз деңгейінде өткізіп отырғаны үшін мақтанамын. Ақмолалықтар да бұл шараға үлкен қызығушылық танытып отыр және бүгінде біздің аймақтан 40 мыңнан астам адам көрмені тамашалады», — деді облыс әкімі аппаратының жетекшісі Қанат Шөкенев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *