Медициналық сақтандыру қорына 1 айда 800 млн теңге жарна түстi

112

2017 жылғы 1 шiлдеде елiмiзде iске қосылған медициналық сақтандыру қорына бiр айда 384 мың адам үшiн 800 млн теңгеден астам жарна түстi. Бұл туралы Үкiмет отырысында «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» төрайымы Елена Бахмутова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме жасап  Kazgazeta.kz.

 «27 шiлдедегi жағдай бойынша 548,2 млн теңге түстi. Оның iшiнде аударымдар үлесiне 38 пайыз, ал жарналар үлесiне 62 пайыз тиесiлi. Қаржының 44 пайызы — биылғы жылдың екiншi жартысы үшiн жеке кәсiпкерлердiң аванс түрiндегi төлемi», — дедi Бахмутова.

Елена Бахмутованың айтуынша, аударымдар мен жарналар төлеу жағынан елiмiздiң 4 өңiрi көш бастап тұр. Олар: Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Алматы облыстары. Бұл өңiрлердiң түсiмдерi қорға түскен барлық қаржының 49 пайызын құрайды.

«Жедел мәлiмет бойынша, шiлде айында жүйеге түскен барлық қаржы көлемi 800 млн теңгеден асты. Қорға түскен қаржы 384 мың жеке тұлға үшiн төленген. Бiздiң болжам бойынша негiзгi аударымдар тамыз айында басталады. Тамызда 4,5 млрд теңге түседi деп болжап отырмыз. Жұмыс жоспар бойынша жүргiзiлiп жатыр. Биыл 27 млрд теңге жинау болжанған болатын», — дедi Бахмутова.

Еске сала кетсек, 1 шілдеде медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *