Елімізде орташа айлық атаулы жалақы 150 мың теңгені құрады

404

2017 жылғы 2 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 149 951 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 104,4%, ал нақты жалақы индексі 97,1% құрады, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісіне сілтеме  жасап  Kazgazeta.kz.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 315,3 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 253,2 мың теңге (1,7 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 222,4 мың теңге (1,5 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 202,3 мың теңге (1,3 есеге асты), құрылыс саласында – 184,9 мың теңге (1,2 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 88,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 41,1%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді – 253,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 103,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,3%-ға төмен.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *