Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдады

154

ҚР СІМ Мысырда ұсталған қазақстандықтармен болған жағдайға байланысты наразылық нотасын жолдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне  сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

Мысырда алты қазақстандықтың жоғалып кеткеніне 12 күн болғаны айтылады. ҚР СІМ мәліметінше, 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні оларды Мысырды арнайы қызметінің қызметкерлері ұсталды. Алайда Қазақстан әлі күнге дейін Мысыр тарапынан ҚР азаматтарының не себепті ұсталғанын және қазіргі уақытта қайда екені жайлы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

«Олардың (Мысырдың СІМ өкілдерінің — автор.) қазақстандық азаматтардың ұсталуына қатысты мәселенің мән-жайын анықтайтыны жайлы айтқан мәлімдемелеріне қарамастан, жағдай сол күйі өзгерген жоқ. Осыған байланысты Мысырдың Сыртқы істер министрлігіне ресми наразылық нотасы жолданды. Біз Мысырдың билік өкілдерінен ұсталған қазақстандықтарға қатысты мәлімет беріп, бізге олардың ұсталуының себебін түсіндіріп беруін талап етеміз», — деді Әнуар Жайнақов ҚР үкіметінің ғимаратында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *