Е. Біртанов: Қазақстанның медициналық ЖОО-ларына шетелдік мамандар тартылады

145

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында студенттердің даярлық деңгейін арттыру үшін ҚР-ның медициналық жоғарғы оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту жоспары туралы айтып берді.

«ЖОО-лардағы медициналық оқыту сапасын едәуір арттыру мақсатында шетелдік профессор-оқытушылар құрамы тартылатын болады. Бүгінгі таңда екі ЖОО-ға топ-менеджмент деңгейіндегі мамандар тартылған. Алдағы уақытта да дәрігерлерді дайындау бағдарламасын жетілдіру үшін шетелдік мамандарды тартуды жалғастыру көзделіп отыр», — деді Е. Біртанов.

Министр шетелдік профессорлардың болуы жоғары біліктілікті көмек көрсетіп, заманауи жабдықтарда жұмыс істей алатын мамандар тобын дайындауға көмек беретінін атап өтті.

«Бұл – жетекшілік бағдарламасы, мұнда елімізге шақыртылған профессорлар өзіміздің медициналық оқу орындарындағы оқытушылармен қатар жұмыс істеп, оларға оқытудың заманауи бағдарламасын енгізуге көмек көрсетеді. Мұндай тәжірибе көптеген шетелдік мамандар жұмыс істейтін Назарбаев Университетінің медициналық мектебінде сәтті жүзеге асырылған», — деп сөзін түйіндеді ҚР денсаулық сақтау министрі.

Ақпарат көзі:primeminister.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *