Шығыс Қазақстаннан облысынан тағы бір Алтын адам табылды

190

Мұндай сүйінші жаңалықты Фейсбуктағы парақшасында белгілі тарихшы, «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы жариялады.

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым» деді Берік Әбдіғалиұлы.

Бұл алтын адамның ерекшелігі қандай? Қай дәуірдің ескерткіші? Бұл туралы алдағы уақытта толығырақ жазатын боламыз.

aikyn.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *