Мемхатшы «Болашақ» стипендиясына енгізілген жаңашылдықтармен танысты

168

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың басшылығымен шетелде мамандар дайындау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Вnews.kz  тілшісіне сілтеме жасап  Kazgazeta.kz.

«Сапалы мамандар дайындау мен «болашақтықтардың» әлеуетін пайдалану бойынша жұмыстарды нығайту керек», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы «Болашақ» президенттік стипендиясының адамзат капиталы сапасын жақсартудағы маңызды рөліне тоқталды.

Бұған қоса отырысда ҚР Білім және ғылым министрлігі басшылығының есебі тыңдалды.

Биыл аталған стипендия 600 адамға тағайындалған. Сарапшылар 268 мотивациялық және ұсыным хаттарды қарап шыққан, 46 үміткер талапқа сай болмай шықты. 3 турдан тұратын кешенді тестілеу ұйымдастырылып, 202 адам тәуелсіз сарапшылар комиссиясымен әңгімелесуге жіберілді. Оның қорытындысы бойынша 31 үміткер өте алмады.

Министрдің баяндамасында айтылған мәліметтерге қарағанда, үміткерлердің дені «Бухгалтерлік есеп және аудит. Қаржы. Экономика. Маркетинг» мамандықтарын таңдаған. Олардың жалпы саны 55 адамды құрады. 10 адам «Технология менеджменті, инновациялық менеджмент» мамандығын қалаған.

Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тиімді іске асыру мен одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *