Жылдың аяғына дейін жүк тасымалдайтын жаңа әуе компаниясы құрылады – ИДМ

136

2017 жылдың аяғына дейін елімізде жүк тасымалдау қызметімен айналысатын жаңа әуе компаниясы құрылады. Қазіргі таңда аталмыш компанияны құру үшін «Қазақстан темір жолы» мен «Air Astana» тиісті жұмыстарды жүргізуде. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Алик Айдарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне  сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

 «Осы уақытқа дейін Қазақстанда мұндай компания болмаған. Сондықтан «ҚТЖ» «Air Astana»-мен бірігіп осындай компания құру туралы шешім қабылданды. Жылдың соңына дейін аталмыш компания құрылады», — деді ол.

Осы орайда вице-министр жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру үшін қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атады.

«Қазіргі таңда «Қазақстан Темір жолы» осы бағытта жұмыс істейтін серіктес іздеуде. Біздің жоспарымызға сәйкес компания жылдың аяғына дейін құрылуы қажет. Сондай-ақ, жүк тасымалдайтын екі әуе кемесін сатып алу немесе оларды осы жұмысқа тарту көзделген. Болашақта бұл компания жүк тасымалы нарығында өзіне лайықты орынды алады деген үміттеміз. Бұл қадам импортты алмастыратын болады. Себебі, қазіргі таңда жүк тасымалымен шетелдік компаниялар ғана айналысады», — деп түйіндеді сөзін Алик Айдарбаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *