Сарша тамыз

545

Халық аузында айтылатын мынандай жолдар бар: 
Тамыз, келдің баяулап, басың жалын,
Жайма шуақ аяғың тартты салқын.
Піскен өнім шығынсыз жиылсын деп,
Барлық күшті аямай салды халқым.
Осы өлең жолында айтылғандай, күндерді, айларды өткізіп, баяулап Тамыз да келді. 
Тамыз – жаздың соңғы айы. Соңғысы болса да күн ыстығы қайта қоймайды. Тамылжыған тамыз деп айтылуы бекерден-бекер емес. Солай десек те аптаптың беті бірте-бірте қайта беретіні анық. Өйткені алда қоңыр салқын – күз айлары тұр. 
Бұл айдың Сарша тамыз деген аты да бар. Сарша – көне түркі сөзі. «Сары шақ» дегенді білдіреді. Жер құрғап, өсімдік сарғая бастайтын кез. 
Тамызды Сүмбіле деп те атайтынымыз бар. Сүмбіленің де мағынасы ауқымды. Өсімдіктің де, жұлдыздың да атауын аңғартады. 
Қалай болғанда да өзге айлар секілді тамыздың да жөні бөлек. Әсіресе балаларға сыйлайтын қуанышы көп. Олар табиғат аясын қызықтап, өзен-көлдерге шомылады. Жеміс-жидек теріп, жаздың әсерлі сәттерін бастан кешіреді. 
Тамыз қызығының тарқамағанын қалаймыз.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *