2021 жылға дейін 320 мың адам өнімді жұмыспен қамтуды дамыту аясында оқытылады

67

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысы барысында 2017-2020 жылдарға арналған Өнімді жұмыс және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің есебі қаралды, деп хабарлайды  Kazgazeta.kz  primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.  

Ерлан Сағадиев министрліктің Бағдарлама аясында еңбек нарығының талаптарын ескерумен техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды іске асыруға жалпы үйлестіру мен мониторинг жүргізетінін баяндады. Мәселен, 2017 жыл мен 2021 жыл аралығында аталған бағыт бойынша Бағдарлама аясында 320,5 мың адам тартылатын болады.

Сонымен қатар аймақтарда кадрлар даярлауға үміткерлер тізімін құратын 1844 мобильді топ құрылды. 586 біліктілік бойынша жұмысшы кадрларын (сервис және қызмет көрсету, техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы) даярлау үшін 317 білім беру ұйымымен 271 басымдықты мамандықтан тұратын тізім анықталды.

Министр Бағдарламаның қатысушылары санатына оқу орындарына түспей қалған 9-11 сыныптардың түлектері, жұмыс іздеп жүргендер, өмірдің қиындығына тап болғандар, аз қамтылған отбасылардың мүшелері мен басқа да санаттағы азаматтар жататын түсіндірді. Сонымен қатар, Бағдарлама қатысушыларына шәкіртақы төленді, бір рет ыстық тамақ беріледі және жолақысы төленеді. Сондай-ақ қазіргі кезде кадрлар даярлауға үміткерлерден 12771 өтініш келіп түскені атап өтілді.




2 thoughts on “2021 жылға дейін 320 мың адам өнімді жұмыспен қамтуды дамыту аясында оқытылады

  1. Еңлік

    320 мың адам өнімді жұмыспен қамту аясында оқылатыны зор қуаныш. Мұндай мүмкіндікті босқа жібермеңіздер, жастар! Кім бәсекеге қабілетті болса, жеңіс соның қанжығасында.

  2. Мұқан

    Гранттарды көбейткеннен кейін тегі білім береміз дейді. Мүмкін бұл дұрыс та шығар, өйткені елдің қаржысы жемқорлықпен кеткенше жастар тегін білім мен кәсіп алсын. Сол жастарға үміт артайық басқа не десін

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *