Тимур Сүлейменов: «Бастау Бизнес» жобасы аясында 5700 адам оқуын аяқтады

«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсібін енді ашқан 5700 адамға бизнесті жүргізу негіздері оқытылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме  жасап  Kazgazeta.kz.

 «Ұлттық экономика министрлігіне кәсіпкерлік қызметті микрокредиттеуді басқару, қалалардағы кәсіпкерлерді микрокредиттеуге кепілдік беру, сондай-ақ 2017 жылы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты оқыту бойынша «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру жүктелген», — деді министр.

Ол сыйақысы 6%-дан аспайтын микрокредиттер 8 мың АЕК-ке (18 млн теңге) дейін 7 жылға дейінгі мерзімге ұсынылатынын атап өтті. Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер үшін микрокредиттерге 50%-ға дейін, кәсібін енді бастағандар үшін 85%-ға дейін кепілдік беріледі. Қалаларда мемлекет атынан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепіл болады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметіне сәйкес, Бағдарламаға қатысуға банктер де қызығушылық білдірді», — деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, 10 млрд теңге көлеміндегі қаржы лимиті бағдарлама талабына сай келетін екінші деңгейлі 6 банкке үлестірілген.

«Қаржы Халық банк, Нұрбанк, Банк ЦентрКредит, Еуразия банкі, АТФ Банк және Сбербанк арасында бөлінді», — деп түсіндірді министр.

Сүлейменов кәсібін енді ашқан ауыл кәсіпкерлеріне «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бизнесті жүргізу негіздеріне дайындықтың бейімделу курсынан өтуге мүмкіндік беріліп отырғанын да айта кетті. Олар бір ай бойы кәсіпті игерудің қыр-сырын үйреніп, 16 мың теңге көлемінде бір реттік шәкіртақы алады.

«Бірінші және екінші топ аясында 5700 адам оқуын аяқтады, олардың 4200-і бизнес жоспарын түзді. 67,8 млн теңгеге шәкіртақы берілді», — деп хабарлады Сүлейменов.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *