Латынша жазылған кітаптар

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, «MEGA Silk Way» ОСО-да «Men qoldaimyn» шарасы аясында «Qazaq kitaptary 1929-1940» атты латын әліпбиімен жазылған кітаптардың көрмесін өткізді.

Шараның негізгі мақсаты – ­Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған кириллица негізіндегі қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бастамасына қолдау білдіру.
Көрмеге қазақ зиялы қауым өкіл­дерінің 1929-1940 жылдары шық­қан еңбектері қойылды. Сонымен қатар шетелдік ақын-жазушылардың еңбектерін де осы көрмеден тамаша­лау­ға болады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Латыншаға көшудің те­рең логикасы бар. Бұл қазіргі ­за­ман­ғы технологиялық ортаның, ком­муникацияның, сондай-ақ ХХІ ға­сырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланыс­ты» деп атап өткен болатын.
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ әліпбиін жасау идеясын отандық ғалымдармен қатар шетелдік ғалымдар қолдады. Қазіргі уақытта қоғам талқысына кеңінен салынып, халық тарапынан қолдау тапқан бастамаға «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы да үн қосып отыр.

Арман ЖӘНІБЕКҰЛЫ




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *