Б.Сағынтаев Армения Премьер-министрімен ынтымақтастықтың жаңа формаларын талқылады

123

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz үкімет басшысының primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастар, атап айтқанда ынтымақтастықтың жаңа формаларын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, оның ішінде көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологиялар сауда-саттығы бар. Осы орайда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армияндық Үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысы атап өтілді.

Сондай-ақ, транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту, халықаралық ұйымдар аясындағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді нығайтудағы өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, тараптар Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және биылғы жылдың 16 тамызына жоспарланған Арменияның Ұлттық күнін өткізу барысын талқылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *