Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне 1 қыркүйекке дейін мектепке дайындықты аяқтауды тапсырды

171

Әлі күнге дейін мектептердегі күрделі жөндеу және тағы басқа жұмыстардың аяқталмағанын көріп отырмыз. Оның үстіне оқушыларды тасымалдау, ыстық тамақпен және оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге дейін толығымен шешілген жоқ. Құрметті әкімдер, 1 қыркүйекке дейін осы шаруалардың барлығы толығымен аяқталуы қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме  жасап Kazgazeta.kz.

 Жиында алдымен Білім және ғылым министрі биыл қанша бала мектепке баратындығын, қанша білім ордасы ашылатындығын және жаңа оқу жылына дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол биылғы бөлінген білім гранттарының қалай тағайындалғанын үкімет мүшелеріне түсіндірді.

Осыдан кейін Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларының әкімдері мектепке дайындық жайлы есеп берді.

Әкімдердің есебін тыңдаған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев олардан мектепке дайындық жұмыстарын тезірек бітіруді талап етті.

«Мектепке дайындық бойынша жұмысымызды қорытындылайық. Министрліктің баяндамасынан дайындықтың жаман емес екенін байқауға болады. Бірақ әлі күнге дейін күрделі жөндеу және тағы басқа жұмыстардың аяқталмағанын көріп отырмыз. Оның үстіне оқушыларды тасымалдау, ыстық тамақпен және оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге дейін толығымен шешілген жоқ. Сол себепті құрметті әкімдер, сіздерден 1 қыркүйекке дейін осы шаруалардың барлығын толығымен аяқтауды сұраймын», — деп түйіндеді сөзін ҚР премьер-министрі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *