Бақытжан Сағынтаев Фиджи Республикасының Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті

186

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті.

Кездесу барысында экономика, туризм, ғылым және білім берудің түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Елдер арасындағы экспорттық-импорттық операциялардың мүмкін бағыттары қаралды.

16 тамызда ФР Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимараманың қатысуымен Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде Фиджи Республикасының Ұлттық күнінің ашылуы жоспарланған. 

primeminister.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *