Ұлттық банк: Биылғы жылдың 7 айында инфляция 3,8% құрады

2017 жылғы шілдеде инфляция айлық көрсеткіш бойынша 0,1% деңгейінде қалыптасты, бұл соңғы екі жылда, яғни инфляциялық таргеттеу режиміне өткен кезден бастап ең аз мәнде болып отыр, деп хабарлайды Вnews.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

7 айда инфляция 3,8% болды және өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен (5,2%) төмен болып қалып отыр.

Жылдық инфляция шілдеде 7,1%-ға дейін төмендеді, бұл азық-түлік нарығындағы ахуалдың тұрақтануына себепші болды. Жылдық инфляция 2017 жылға белгіленген 6-8% дәлізі шегінде тұр.

Жылдық көрсеткіштегі базалық инфляцияның1 көрсеткіші инфляция аясының біртіндеп жақсаруын көрсете отырып, өзінің 6,7%-ға дейін төмендеуін жалғастырды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *