ЭКСПО-2017 аясында елордада Қарағанды облысының Мәдениет күндері өтеді

Астанадағы Қарағанды облысының Мәдениет күндері қыркүйектің 4 -9 аралығында «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтеді, деп хабарлайды Вnews.kz.

5 қыркүйекте сағат 15.00–те этноауылдың концерт алаңында Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы болады. Көрермендер театрландырылған «Қоянды жәрмеңкесі», «Бауырсақ шоу», «Қымыз-шоу», «Өнер көзі — халықта» атты ауқымды мерекелік фольклорлық бағдарламалар мен спорттық шараларды қызықтап, түрлі жүлделерге ие болмақ.

6 қыркүйекте сағат 21.30-да «ЭКСПО-2017» амфитеатрында Қарағанды облысының мәдениет және өнер шеберлерінің гала-концерті өтеді.Сахнада аймағымыздың үздік ұжымдары, орындаушылар, танымал әртістері мен қазақстандық шоу-бизнестің жұлдыздары Қарақат Әбілдина, Ерлан Көкеев, «К-7» тобы, Жәмила Баспақова, Болат Құсайынов және т.б өнер көрсетеді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *